Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Мектеп бүгін аза тұтады» - Қостанай облысында жол апатынан қаза тапқан үшінші адам да мұғалім болып шықты

Қостанай облысында адам шошырлық жол апатынан қаза тапқан педагогтарды әріптестері қайғыра еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy qostanai.media-ға сілтеме жасап. 

«Мектеп бүгін аза тұтады» - Қостанай облысында жол апатынан қаза тапқан үшінші адам да мұғалім болып шықты
фото: әлеуметтік желіден

Көз жұмған жолаушылар ішіндегі екі педагог бұрын Октябрь жалпы білім беретін мектебінде жұмыс істеген. Олар: Қостанай ауданы Заречный мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 35 жастағы Карина Лаврик және Алтынсарин ауданы Үлкен-Чураков жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы, 48 жастағы Луиза Ашаева. Педагогтарды бұрынғы әріптестері қайғырып еске алды.

«Жанымыз ауырып тұр, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Карина Сергеевна біздің мектепте 2015 жылға дейін жұмыс істеген, ал Луиза Леонидовна екі жыл бұрын ғана отбасылық жағдаймен тұрғылықты жерін ауыстырған. Екі тамаша жанның демі үзілді. Олар керемет мұғалімдер еді, сауатты, мейірімді, әріптестері мен оқушыларының құрметіне бөленген, өз қызметтеріне берілген, үнемі жаңалыққа ұмтылып, жаңа идеяларын іске асыруға тырысып жүретін еді. Өлді деуге қимаймыз...сене алмаймыз...сұмдық трагедия, - деді Октябрь ауылының білім беру мекемесінің мұғалімдері.

Апаттың құрбаны болған тағы бір адам - Целинный ауылының тумасы, бар болғаны 22 жастағы Алина Абрамова. Ол Қостанай педагогикалық колледжін бітірген соң, ЖОО орнында сырттай оқып жүріп, «Әйгерім-Ай» гуманитарлық жекеменшік мектепке педагог болып істеп жүрген. Білім беру мекемесінің басшысы Құралай Шодорова Алинаны керемет педагог, тамаша адам деп сипаттайды.

«Алина осында істеген үш жылда педагог ретінде көп шаруа атқарып кетті. Оны ұжым да, балалар да, ата-аналар да жақсы көретін. Бейнелеу пәнінен сабақ беретін Алина балалармен де, ата-аналармен де жақсы тіл табысты. Балалардың дарынын тез байқап, ата-аналарымен сөйлесіп, баланың өнерін дамытуға күш салды. Біздің Алина табиғатынан жақсы қасиеттерге ие, жауапкершілігі жоғары, ерекше жан еді. Біздің мектепте аза тұту күні жарияланды, бүкіл ұжым, бірінші сынып оқушыларының ата-аналары осы бір талантты, жарқын жанмен қоштасуға жиналады. Бәріміз үшін бұл трагедия... жақын-жуығына қайғырып көңіл айтамыз», - деді ол.

Апатқа ұшыраған жолаушылар мейрам күндерін туыс-туғанының жанында өткізіп, облыс орталығына қарай жол тартқан екен. Олардың артында аналары, бауырлары жылап қалды.

Полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бабы бойынша тергеуді бастады. Алдын ала нұсқаға сүйенсек, VOLVO маркалы автокөлік жүргізушісі ұйықтап қалған. Жүк көлігінің жүргізушісі 1992 жылы туған Түркістан облысының тұрғыны болса, жолаушылар көлігінің жүргізушісі тұрғыны 1982 жылы туған Шалғышы ауылының тұрғыны болып шықты.