Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шымкенттегі орман шаруашылығы 2024 жылы жаңа технологиялармен жабдықталды

Шымкенттегі орман шаруашылығы 2024 жылы жаңа технологиялармен жабдықталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкенттегі орман шаруашылығы 2024 жылы жаңа технологиялармен жабдықталды
Фото:otyrar.kz

Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Жасыл белдеу» КММ 3220 га аумаққа ие, оның ішінде 753 га мемлекеттік орман қоры болып табылады. 

Мекеме өртке қарсы шараларды күшейтіп, 157 шақырым минералды жолаққа күтім жасап, Қайнарбұлақ аумағындағы 976 га жер учаскесінде жасыл екпелер арасына 5 км өртке қарсы үзілімдер орнатылды.
• Мекеме өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2 дана АЦ ЗИЛ автокөлігі мен 2 дана МТЗ-1221 тракторы және қажетті өрт сөндіруге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді.
• Орман шаруашылықтары мен азаматтық қорғау қызметтері бірлесіп «Өрт-2024» республикалық оқу-жаттығуларын өткізіп, 297 адам мен 79 бірлік техника қатысты.
Орман тұқымбағы және көгалдандыру
• Орман тұқымбағында 17 түрден 713 мың түп ағаш-бұта көшеті өсірілуде.
• 2024 жылы 1200 кг орман тұқымы жиналып, себу жұмыстары жалғасуда.
• Ақжар орманшылығында 24 га жерге көктемде көшеттер отырғызылып, күзде 150 га жер дайындалып, 30 га жерге көшеттер отырғызылды.
• 2021-2023 жылдар аралығында 281 га жерге 350 мың ағаш көшеті отырғызылып, оған күтім жұмыстары жүргізілді.

2024 жылы мекеме 127 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп, орман тұқымбағын дамыту үшін гравий жолдар, су жүйелері, тамшылатып суару жүйесі мен бейнебақылау жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша барлық жұмыстар 31 желтоқсанға дейін аяқталатын болады.

Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және орман қорын тиімді пайдалануға бағытталған.