Шымкентте улы газдан уланудың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Қысқы жылыту маусымы кезеңінде улы газдан уланудың алдын-алдын алудың маңызы зор. Осы орайда тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті улы газдан уланудың және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шарасын өткізді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Еркін Отарғалымұлы өрт жағдайларының 57 пайызы электр желілерінің ақаулығынан болатынын атап өтті. Ал елді мекендерде жылыту пештерінің мұржалары 3 айда бір рет тазалануы қажет.
Бүгін жоспарға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті, Полиция департаменті және “Газ техникалық қызметі” мекемесі қызметкерлері бірлесе Қайнарбұлақ тұрғын алабында азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты. Мамандар тұрғындарға газосигнализатор, желдеткіш құрылғысын орнатып, ал пеш жаққан кезде мұржаны үш айда бір рет тазалап тұру қажет екенін ескертті.