Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжеге күрделі ота жасады

Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжеге күрделі ота жасап, инсульттың алдын алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжеге күрделі ота жасады

Шымкент қалалық №2 аурухананың дәрігерлері 70 жастағы әжеге күрделі ота жасап, аман алып қалды. Науқас ауруханаға кенеттен басының қатты ауруы, құсу және есінен танып құлау белгілерімен жеткізілген. 

Жедел түрде жасалған бас миының компьютерлік томографиясы (КТ) нәтижесінде қан тамырында тромб бар екені анықталды. Бұл жағдай өте қауіпті, себебі миға қан құйылуына әкелуі мүмкін.

Дәрігерлер уақытты жоғалтпай, жоғары технологиялық ангиография әдісімен күрделі ота жасады. Тромб сәтті алып тасталды. Науқастың жағдайы қазіргі таңда жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. 

Күрделі ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жасалды. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша жыл басынан бері МӘМС шеңберінде мыңнан астам жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетілген.