Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте 86,1 мың тонна өнім жиналған

Шымкент қаласы бойынша ауыл шаруашылығы саласында қарқынды даму байқалуда. 2024 жылы жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына түрлі дақылдар егіліп, 86,1 мың тонна өнім жиналған. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқарма басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте 86,1 мың тонна өнім жиналған
Фото: Шымкент келбеті

Биылғы жылы егіс алқаптарының құрылымына сәйкес, дәнді дақылдар – 10,9 мың гектар, малазықтық дақылдар – 9,0 мың гектар, көкөніс пен бақша – 3,1 мың гектар, майлы дақылдар – 3,0 мың гектар, картоп – 0,5 мың гектар жерге егілген. 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында жергілікті бюджеттен 911 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

- Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы толықтай иегерілді. Атап айтар болсам, тыңайтқыштарға – 122 млн тг, тұқым шаруашылығына – 20 млн тг, пестицидтерге – 600 мың тг, ал жылыжай шаруашылығына – 767,8 млн тг бөлінді. Ауыл шаруашылығы жұмыстарын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мақсатында көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына дизель отыны да қарастырылды,-дейді Қайрат Базарбеков.

Қайрат Базарбековтяң айтуынша, қалада мал шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Нәтижесінде ауылшаруашылығында ет өндірісі 6,6 мың тоннаға, сүт – 59,0 мың тоннаға, жұмыртқа – 145,4 млн данаға жеткен. Ал, инвестиция тарту мақсатында 4 ірі жоба жүзеге асырылған. Олар, 1 көкөніс сақтау қоймасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны, 1 мал бордақылау алаңы.

Тұрғындардың шағымын ескере отырып Қалада 70-ке жуық сауда орындарында негізгі азық-түлік тауарлары нарық бағасынан төмен сатылуда. Бұл шаралар аясында, «Magnum», «Gramad» сауда желілері және шағын дүкендер қамтылған. 

- Өндіруші кәсіпорындармен арнайы келісім-шарттар түзілді. Бағаны қадағалау мақсатында 456 кәсіпкерлік субъектінің электронды шот-фактураларына талдау жүргізілді. 78 комиссия отырысы өткізіліп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылданды,-дейді ол. 

Қазіргі таңда, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі. Онда 170-180 тонна тауар 10-15 пайыз төмен бағамен сатылуда. Жәрмеңкені өткізуге жауапты мекемелер бекітілген. Барлық санитарлық және қауіпсіздік талаптары толық сақталған. 

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында атқарылып жатқан жүйелі шаралар болашақта өнімділікті арттыруға және тұрақты экономикалық дамуға септігін тигізбек.