Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркістандық әке өгей қызын төсек қатынасына мәжбүрлеген

11 жасар қыздың басынан кешкен жантүршігерлік оқиғасы Алматыға туған әкесіне барған соң белгілі болған. 

Түркістандық әке өгей қызын төсек қатынасына мәжбүрлеген
фото: ашық дереккөз

Түркістан қаласының тұрғыны 2 жыл бойы өзінің өгей қызын төсек қатынасына тартып келген, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

11 жасар қыздың басынан кешкен жантүршігерлік оқиғасы Алматыға туған әкесіне барған соң белгілі болған. 

"Қыз бала екі күн бойы өз басынан өткен оқиғаға ұқсас жаңалықтар көрген. Содан соң ғана анасына айтуды жөн санаған. "Мен секілді өгей әкесінен зардап шеккен қыздың оқиғасын көрдім. Мен енді не істеймін?" деп жылап жіберді", - деді "Немолчи.kz" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смаилова. 

Осы секілді ел ішінде жүздеген оқиға болып жатыр. Одан бөлек, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты статистиканы еліміздің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың өзі де келтірді. 

Тағы оқи отырыңыз: "Пандемия салдарынан болған қылмыстың 80%-ы отбасылық" - ІІМ