Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылдың қорытындысы: Өнімділік өсіп, инвестициялар тартылды

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласы 2024 жылы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Жалпы егіс көлемі 26,5 мың гектарды құрап, 86,1 мың тонна өнім жиналды, деп жазады Paryz.kz.

Шымкентте ауыл шаруашылығы саласында 2024 жылдың қорытындысы: Өнімділік өсіп, инвестициялар тартылды
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұл көрсеткіштер әртүрлі дақылдар бойынша келесідей бөлінді: дәнді дақылдар – 10,9 мың га, малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га. 2024 жылы егін шаруашылығын дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 911,0 миллион теңге бөлініп, оның ішінде: 122 млн теңге тыңайтқыштарға, 20 млн теңге тұқым шаруашылығына, 600 мың теңге пестицидтерге, 767,8 млн теңге жылыжай шаруашылығына арналды. 

Сондай-ақ, көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна дизель отыны бөлінді. Мал шаруашылығында да өсім байқалады. 2024 жылдың соңына дейін: ІҚМ – 107,5 мың бас, қой мен ешкі – 137,2 мың бас, жылқы – 19,9 мың бас, құс – 1 116,9 мың бас. Осылайша, ет өндіру көлемі 6,6 мың тоннаға, сүт 59 мың тоннаға, жұмыртқа өндірісі 145,4 миллион данаға жетті. Жыл басында белгіленген 12 индикатор толығымен орындалуда. 

Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту бойынша биыл 4 жаңа жоба іске қосылды, оның ішінде: 1 көкөніс сақтау қоймасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны, 1 мал бордақылау алаңы. Бұл жобалар ауыл шаруашылығын дамытуға және өнімділікті арттыруға үлкен үлес қосуда.