Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Шерзат үшін 200 мың адам көшеге шығады»: Таразда митинг болатыны рас па

Жамбыл облысының әкімдігі Талғардағы оқиғаға байланысты Тараз қаласында митинг болады деген ақпарат жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

«Шерзат үшін 200 мың адам көшеге шығады»: Таразда митинг болатыны рас па
Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтынан алынды

Осыған дейін әлеуметтік желіде «Шерзат үшін, ағасы үшін 200 мың адам митингке шығады. Шерзатты өлтірген адамдарды бірге жеңеміз!» деген мәтінмен Тараздағы митингке үндеу жарияланған.

«Әлеуметтік желілерде Талғардағы оқиғаға байланысты Тараз қаласында митинг ұйымдастырылады деген ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Тұрғындардың бірлігіне, бейбіт тіршілігіне нұқсан келтіретін әрекеттер, жалған ақпарат тарату заң аясында жауапкершілікке алып келетінін еске саламыз», - делінген хабарламада.

Әкімдік халықты тек ресми ақпаратқа сенуге және арандатуларға ермеуге шақырды. Жалған ақпарат тарататындар заңға сәйкес қатаң жазаланатынын ескертті.