Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

«Мансабын аяқтасын»: Шавкат Рахмоновтың алғашқы бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың алғашқы бапкері Баян Жанғалов шәкіртіне чемпиондық жекпе-жектен кейін мансабын аяқтауды ұсынды. Шавкат Рахмонов чемпиондық титулға үміткер атанғаны белгілі. Бапкер спортшының денсаулығы үшін алаңдап отыр.

«Мансабын аяқтасын»: Шавкат Рахмоновтың алғашқы бапкері күтпеген мәлімдеме жасады
фото: әлеуметтік желіден

«Мен оған қандай да бір атақ немесе даңқ үшін талпынуға кеңес бермес едім. Егер ол чемпиондық белбеуді жеңіп алса, спорттан кетіп, демалысқа шығуы керек. Себебі, жарақаттары аз емес. Ол әлі жас кезінде қарапайым өмірге оралып, отбасымен уақыт өткізіп, өмірден ләззат алса деймін. Оның қазір төрт баласы бар.

Алайда спортта жүріп, балаларының қалай өсіп жатқанын да көрмей қалды. Мен оған чемпиондық белбеуді қорғауға да шықпауға кеңес берер едім, бірақ бұл оның таңдауы. Ол өзі және командасы қалай шешім қабылдайды, солай болады. Бірақ мен оған мансабын аяқтауды ұсынар едім. Меніңше, оның чемпион атанғаны да жеткілікті», – дейді Баян Жанғалов SauBall YouTube-арнасына берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде дивизионның бұрынғы чемпионы Камару Усманды басып озды.

Сөйтіп, отандасымыз екінші орынға көтерілді. Рахмонов аралас жекпе-жек спортынан әлемдегі ең үздік лигадағы жетінші жеңісінен кейін рейтингте жоғары өрлеп отыр.