Желіде қабырғада ілініп тұрған марқұм әйелінің суретін сүйген қария көпшілікті жылатты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Видеода қарт кісінің қайтыс болған әйелінің қабырғада ілініп тұрған суретін асқан сағынышпен сүйіп, іштей егіліп тұрғанын байқауға болады. Желі қолданушылары қарт кісінің әрекетінен кейін көз жасына ерік бергенін жарыса жазды.
«Видеоны көріп отырып, көзімнен жас тоқтар емес», «Араларында үлкен, кіршіксіз махаббат болғаны көрініп тұр», «Сағыныш қой, түсіндіру мүмкін емес», «Құдай-ай, мен де қосыла жылап тұрмын», «Қасыңда жүрген адамды бағалай біл», - деп жазды желі қолданушылары.