Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктері кеңейіп келеді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтардың еңбек нарығындағы мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Фото: Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Шымкентте мүгедектігі бар тұрғындардың еңбек нарығындағы белсенділігін арттыру мақсатында бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылуда. Мүгедектігі бар - 1 120 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда 37 адам «Күміс жасқа», 26 адам «Алғашқы жұмыс орнына», 146 адам «Қоғамдық жұмысқа», 47 адам «Жастар практикасына», 9 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 32 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданды. 

Сондай-ақ, 485 адам тұрақты жұмысқа орналасып, мүгедектігі бар 70 тұрғын мемлекеттік қайтарымсыз грантқа ие болды. 268 адам «Бизнес бастау» жобасы арқылы кәсіпкерлік білім алған.

Шымкентте мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған квота бекітілген. 2023 жылдың 30 қарашасында бекітілген квота бойынша 42 мекемеге 143 мүгедектігі бар тұрғын жұмысқа орналасты.