Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Шерзат Болаттың әкесі ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бағдат Әшімов айтты.

Шерзат Болаттың әкесі ауруханаға жеткізілді
фото: видеодан скриншот

"Қазір оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сотта тиісті шешім қабылданады. Ол 5-тен 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. Полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін Нұрымов өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтып, шағымданды. Содан кейін біз жедел жәрдем шақырдық. Оны мамандар тексеріп, орталық ауруханада тексерген жөн деп шешім шығарды, – дейді Бағдат Әшімов.

Еске салайық, осыған дейін марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрғанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз. Бірақ туған-туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді.

Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін ағасы Қаржаубай Нұрымов оның өлім себебін ашық тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Оны полиция ұстап әкетті.