Шымкентте дәрігерлердің біліктілігін арттыруға арналған халықаралық шеберлік сыныбы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Шараның басты мақсаты – туа біткен ақауларды ерте кезеңде анықтаудың заманауи әдістерін меңгеру.
Ресейден арнайы шақырылған жоғары санатты медицина мамандары жергілікті дәрігерлерге әйелдерге арналған скринингтік тексеру әдістерін үйретті. Оқу барысында «Voluson Expert-22» сараптамалық класс аппараты қолданылып, жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде ұрық патологиясын анықтаудың жаңа диагностикалық тәсілдері көрсетілді.
Шымкент қалалық перинаталдық базасында ашылған бір күндік клиникада жүкті әйелдерге туа біткен ақауларды уақытылы анықтау үшін арнайы тексерулер жүргізілуде.
Бұл бастама медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, ана мен бала денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.