Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте әлеуметтік көмек алушыларға газға жеңілдік қарастырылды

«QazaqGaz Aimaq» АҚ пилоттық жобасы аясында, Шымкент қаласы әкімінің қолдауымен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) және тұрғын үй көмегін алушылар газға ай сайынғы жеңілдікті «Әлеуметтік әмиян» қызметіндегі eGov Mobile қосымшасы арқылы ваучер түрінде ала алады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте әлеуметтік көмек алушыларға газға жеңілдік қарастырылды
Фото: pixabay.com

2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың сәуірін қоса алғанда, атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушыларға 1414 нөмірінен тауарлық газға жеңілдіктер туралы ай сайын SMS жіберіледі. Ваучерді әлеуметтік әмиян қызметінде желтоқсанның 25-іне дейін қосуға болады.

Ыңғайлы болу үшін тұтынушылар өтініште тек тұрғылықты мекен жайының есеп шотын 
көрсету қажет. Тұрғын үй құжаттары ұсынылмайды. Жеңілдік мөлшері газға есептелген соманың 24%-на дейін жетуі мүмкін. Жеңілдік әкімдікпен бекітілген тұтыну нормасына сай тұтынылған газ көлеміне берілмек.

Айта кетерлігі, пилоттық жоба бес ай ішінде жүзеге асырылады. Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында жүзеге асырылуда, онда Мемлекет басшысы азаматтарға мемлекеттік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өткен болатын.

Толық ақпаратты және бейне нұсқауларды «QazaqGaz Aimaq» АҚ сенім телефоны (қысқа нөмір 5169) немесе aimaq.kz сайты арқылы алуға болады.