Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Шымкентте бизнес-омбудсмен үш өңірдің кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілетті өкілі Қанат Нұров жұмыс сапарымен келіп, маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте бизнес-омбудсмен үш өңірдің кәсіпкерлерімен кездесу өткізді
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Оған қала әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, сондай-ақ Шымкент қаласы, Түркістан және Жамбыл облыстарының кәсіпкерлері қатысты. 

Жиынға үш өңірдегі Кәсіпкерлер палаталарының, мемлекеттік және құзырлы бақылау органдарының басшылары да қатысып, бизнестің дамуына қатысты өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. 

Кездесуде талқыланған негізгі мәселелер, халықаралық төлем транзакцияларын жүзеге асырудағы қиындықтар, отандық өнімдерді импорттан қорғау шаралары, агроөнеркәсіп кешеніне қатысты өзекті мәселелер мен ақылы жолдарға төлем жүйесіне байланысты сұрақтар болды. 

Бұл кездесу Қазақстанның оңтүстігіндегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін жүйелі мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға бағытталған. 

Осындай форматтағы ашық диалог бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар арасында өзара түсіністік орнатып, аймақтағы экономикалық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.