Шымкент қаласындағы №2 аурухананың реаниматолог-дәрігерлері күрделі жағдайда 40 жастағы науқастың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Гиповолемиялық шок алып, бүйрек жетіспеушілігінен зардап шеккен тұрғын медициналық мекемеге ауыр жағдайда жеткізілген.
Науқастың жүрегі тоқтап қалғандықтан, ол жансақтау бөліміне жатқызылып, шұғыл түрде реанимациялық шаралар жүргізілді. Дәрігерлердің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында жүрек соғысы қайта қалпына келтіріліп, науқас жасанды демалу аппаратына қосылды.
– Мұндай күрделі жағдайлар дәрігерлерден жоғары кәсібилікпен қатар, үлкен психологиялық тұрақтылықты да талап етеді. Тиісті ем-дом шаралары жүргізілгеннен кейін науқастың жағдайы тұрақталып, бес күн нефрология бөлімінде емделген соң үйіне шығарылды, – деп реаниматолог Жасур Мухитдинұлы.
Қазір науқастың жағдайы жақсы. Ол өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғысын білдірді.