Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Депутат қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды

Бүгін депутат мәжіліс отырысында елімізде қыз алып қашу мәселесін көтеріп, бұл туралы әлеуметтік желіде ән айтылып және видео түсіріліп жатқандығын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Депутат қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды
Фото: жеке мұрағаттан

-Өткен аптада Астанада университет студенттерімен кездестім. Олар неге біздің мәдениет саласы, ақпарат саласы азаматтардың арасында Заңды құрметтеу,  Заң бұзушылыққа төзімсіздік бойынша шаралар өткізбейді, - деген мәселе көтерді. Қыз балалар маған ролик көрсетті. Онда қыз баланы алып қашқан. Қасында бір адам көндіріп айтып отыр, ал қыз бала өз еркіммен келдім,-дейді. Бұл ролик тик токта да тұр, соны мазақ қылып жатыр. Бұл нағыз құқық бұзушылық, заң бұзушылық. Бірақ ешкім, ешқандай әрекет жасамаймыз, - деді депутат М. Әбенов.

Депутат бұл тақырыпта қалыпты жағдай ретінде қарап, белгілі әншілер сахнада ән шырқап, теледидардан көрсетіліп жатқандығына тоқталды. 

Ұлттық Құрылтайда  Мемлекет басшысы «елімізде алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде насихаттағысы келетіндер бар. Бұл мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық. Қараңғылық тіпті масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы құқы және бостандығы баға жетпес құндылық болу керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу керек және оны тек сынау жеткіліксіз, оған құқықтық баға беріліп біржола тосқауыл қою керек», - деп тапсырма берген болатын. 

М.Әбенов қыз алып қашуды насихаттайтындарға тыйым салу қажет деп есептейді.

Қыз алып қашу жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Өткен бір жылдың ішінде 13 алып қашу сотқа берілген болса, биыл тек қана Түркістан облысында 8 айдың ішінде 18 оқиға орын алған. Оның себебі нақты шаралар жоқ. Мен өзім депутат ретінде алдында қаралған заң бар, зорлық - зомбылық бойынша, соған ұсыныс бердім. Зерттеп қарадық. Мысалы адам алып қашу туралы 125 - бап бар. Соның ішінде қаралады дейді. Онда қаралмайды. Ол баптың ішінде егер  үш төрт күн ішінде босатып жіберсе, жауапкершілікке тартылмайды деген қосымша бар. Сонда қалай? Қыз көнбейді, көндіреді, қағаз жаздырады,  ұялтады, мәжбүрлейді, үш-төрт күн ұстайды, әбден абыройы төгіледі, сосын жібере салады, оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды, - дейді депутат.

Бұл ұсынысқа депутат Еділ Жаңбыршин да қолдау білдірді.

Дамыған қоғамда, жетілген қоғамда, мәдениетті қоғамды өмір сүретін болсақ, мәдениетті жағдайға келуіміз керек қой. Басқа ұлттың біреуінде мұндай жасамайды. Жасап жүрген өзіміз соны. Басқа жерде естідіңіз бе? Еуропада, Ресейде, қасымыздағы басқа көрші республикаларда, қызды ұрлайды деген. Менің үш қызым бар. Бәрін де алдынан келіп, өтіп, сөз байласып, құда түсіп алғанды бәріміз де жақсы көреміз, - деп қолдау білдірді депутат.

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бұл мәселеге қатысты нормаларды алдағы уақытта депутаттар қарайтын Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодекстің жобалары аясында қарауды ұсынды.