Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жылыту кезеңіндегі оқиғалардың 70%-ы газ баллонның жарылуымен, 25%-ы иіс тиіп уланумен байланысты

Газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Жылыту кезеңіндегі оқиғалардың 70%-ы газ баллонның жарылуымен,  25%-ы иіс тиіп уланумен байланысты
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев атап өткендей, газдың үздіксіз және қауіпсіз берілуін қамтамасыз ету, таралуын, апат және адамдардың өміріне төнетін қатерлерді азайту басты міндетке жатады. 

Бұл мәселелерді кешенді түрде шешу үшін инфрақұрылымды жаңғырту, тұрақты тексерулер жүргізу, қатаң стандарттарды сақтау, сондай-ақ мамандар мен азаматтарды оқыту және ақпараттандыру сынды тәсілдерді қолдану керек. 

«Елді газдандыру деңгейі 59%-ды құрайды. Яғни, 11,6 млн адам газбен қамтамасыз етілген. Әсіресе, батыс және оңтүстік аймақтарда газдандыру жақсы дамыған.

Газбен жабдықтауға қатысты апаттардың соңғы статистикасы алаңдаушылық туғызатыны анық. Оқиғалардың негізгі үлесі жылыту кезеңіне тиесілі: 70%-газ баллондарымен байланысты проблемалар, 25% – иіс тиіп улану және 5% – басқа жағдайлар. 

Жылыту кезеңінде көптеген тұрғын тұрмыстық баллонды сыртқа шығарып қояды, кейін оларды сұйытылған көмірсутекті газдың толық булануын күтпестен үйлеріне әкеліп, газ жабдықтарына қосады, бұл апаттың болу ықтималдығын едәуір арттырады. 

Қазір қолданыста 346 мыңға жуық баллон бар. Бұл баллондарды қолдану мерзімі аяқталғандықтан, олар келешекте қауіп төндіруі мүмкін, оларды ауыстырған абзал», – деді спикер.