Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкентте ҚР мәслихаттарының 30 жылдығы атап өтілді

Қаладағы “Көрме” орталығында «Қазақстан Республикасы мəслихаттарының 30 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте ҚР мәслихаттарының 30 жылдығы атап өтілді
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Мерекелік жиынға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламент Сенаты және Мәжілісінің депутаттары, мәслихат депутаттары, мәслихат ардагерлері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері қатысты.

Қала әкімі көпшілікті мерейтоймен құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады.

-Мәслихаттың қоғамдағы рөлі қашан да жоғары. Мәслихат жергілікті өкілді орган ретінде халық пен билік арасында алтын көпір. Шымкент қаласы мәслихатының әр шақырылымдағы депутаттары қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. 

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асуда. Президент мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың мүқтаждықтарын бірлесе шешу міндетін қойды. Шымкент қаласы мәслихаты барлық мәселелер бойынша қала әкімдігімен бірлесіп, нәтижелі қызмет атқарып келеді. Баршаңызды осынау мерейтоймен құттықтаймын, - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, мәслихат ардагерлеріне мерейтойлық төсбелгілерді табыс етті.

Іс-шарада Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов мәслихаттың тарихына, қалыптасу кезеңдеріне тоқталып, мәслихаттың барлық шақырылымдарында өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру, бизнес, мәдениет саласында көрнекті өкілдер сайланғанын, олар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында еселі еңбек еткенін атап өтті.

Сондай-ақ, мерекелік жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова көпшілікке ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын жеткізіп, бірқатар азаматтарды мерейтойлық төсбелгілермен марапаттады.