Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Шымкентте кәсіптік шеберлік байқауының үздіктері анықталды

Шымкент қаласында Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік білім алуға ынталандыру және жұмыс берушілермен байланысты нығайту мақсатында ерекше байқау өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте кәсіптік шеберлік байқауының үздіктері анықталды
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Бұл шара қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларына қатысушылардың кәсіби біліктілігін бағалап, үздіктерді анықтауға бағытталды. 

Байқауға тігінші, аспаз, кондитер, шаштараз және маникюр мамандықтары бойынша 9 оқу орталығының шәкірттері қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Тапсырмалар ішінде фартук тігу, паста әзірлеу, вупипай тәттісін пісіру, шаш үлгісін жасау және маникюр рәсімдерін орындау сияқты кәсіби дағдылар қамтылды. 

Қатысушылар қысқа мерзімді оқыту бағдарламасында небәрі бір ай білім алғанына қарамастан, жоғары кәсіби дайындық көрсетті. Байқау оқу орталықтары мен жұмыс берушілер арасында әріптестік орнатуға мүмкіндік берді. 

Жеңімпаздар мен үздік орталықтар:
- «Шебер тігінші» номинациясы – «Tumar Textile» ЖШС оқу орталығы. 
- «Кемеңгер аспаз», «Креативті кондитер», «Эксклюзивті шаштараз», «Маникюр шебері» номинациялары – «RECOMP» ЖШС оқу орталығы болды. 

Еңбек мобильділігі орталығы директорының орынбасары Бекболат Алиханов «Бұл байқау білім алушыларға өз қабілеттерін көрсетуге ғана емес, оқу орталықтары мен жұмыс берушілер арасында тиімді әріптестік орнатуға да үлкен мүмкіндік береді», - деді. 

Бұл байқау жұмыссыз азаматтарды кәсіби тұрғыда дамыту арқылы олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.