Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Павлодарда екі дүкенге шабуылдаған күдікті полицей болып шықты (ВИДЕО)

"Ішкі істер органдарында ол бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Іс бойынша тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодарда екі дүкенге шабуылдаған күдікті полицей болып шықты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Павлодарда тапаншамен қаруланған ер адам бір дүкенді тонап, супермаркет кассасын иемденуге тырысқан болатын. 22 жастағы күдікті Павлодар стансасының желілік полиция бөлімінің қызметкері болып шықты, деп хабарлады paryz.kz.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір ол қамауда отыр.

Еске сала кетсек, 5 наурыз күні Instagram желісінде медициналық маскадағы ер адамның қызды тапаншамен қорқытып, кассадан ақша алып беруін талап еткен видеосы пайда болды. Сатушы қоқан-лоққыдан қорықпай, шабуылдаушыға қарсылық көрсеткен.

Кейінірек полиция шабуылдаушының қамауға алынғаны туралы хабарлады және сол күні ол тағы бір дүкенді тонап кеткенін айтты. Бұл жолы сатушыны қорқытып, ер адам кассадан 120 мың теңге ұрлап, кейін ұсталған. ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті полицей болып шықты.

Тағы оқи отырыңыз: Павлодар облысында сатушы қыз қарулы қарақшының бетін қайтарды (ВИДЕО)

"Жасалған қылмысы үшін Павлодар станциясы желілік полиция бөлімінің кіші сержанты ұсталды. Ішкі істер органдарында ол бар болғаны бір жыл жұмыс істеді. Іс бойынша тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.