Шымкент қаласының тұрғыны көпбалалы ана Раушан Жантөреқызы мемлекеттік қолдау аясында жаңа кәсіп ашты, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ол биыл мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз грант алып, кептірілген жеміс сатуды қолға алды. Балаларының денсаулығына алаңдаған көпбалалы ана зиянды тағамдарды табиғи өнімдермен алмастыруды ойластырып, бұл шешімін кәсіпке айналдырған.
Көп балалы ана Еңбек.кз порталы арқылы грантқа өтінім беріп, комиссия алдында жобасын сәтті қорғаған. Нәтижесінде, қаржыға 48 сөрелік кептіру құрылғысын сатып алып, отбасылық бизнесін бастаған.
Қазір Раушан өнімдерді әлеуметтік желілер арқылы сатып отыр. Оның кептірілген табиғи жемістеір мен чипстерін балалар ғана емес ересектер де иммунитетті нығайтатын дәруменге бай өнім ретінде тұтынуда.
Оның айтуынша табиғи өнімдерге сұраныс өте жоғары екен. Ол алдағы уақытта мемлекеттік қолдаулар арқылы кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.