Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10-баласын босанды

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10 баланың анасы атанды, деп хабарлайды paryz.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкентте 34 жастағы келіншек 10-баласын босанды
фото: instagram.com/ akimat_shymkent

1990 жылы туған Азиза Қалиева ұлын қалалық перинаталды орталықта кесарь тілігі арқылы босанған. Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметінше, нәрестенің салмағы – 4 900 грамм. Қазір ана мен сәбидің жағдайы жақсы.

Айта кетcек, қалалық перинаталдық орталықта биылдан бастап неонаталдық хирургиялық операциялар жасала бастады. Мамандандырылған көмек түрлерін көрсетуге барлық жағдай жасалған.

Мұнда ішкі ағзалар ақауымен туған 40-тан аса сәбиге күрделі ота өткізілген. Сондай-ақ перинаталдық орталықта жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген.

Оның ішінде мерзіміне жетпей туған 707 нәресте және 96 егіз бар.