Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«2025 жылдан қорқамын, шешек және оба тарауы мүмкін» - көріпкел

Көріпкел Бақыт Жұматова 4 жыл бұрын қандай үрейлі болжам жасаған, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«2025 жылдан қорқамын, шешек және оба тарауы мүмкін» - көріпкел
фото: видеодан скриншот

Ресейде өткен «Битва экстрасенсов» тележобасының қатысушысы Бақыт Жұматова бірнеше жыл бұрын алдағы 2025 жылға үрейлі болжам жасаған. Ол 2021 жылы тележүргізуші журналист Данияр Есенге берген сұхбатында 2025 жылы жұқпалы аурулар тарайтынын айтқан.

«Мен 2025 жылдан қорқамын. Шешек және оба аурулары болуы мүмкін. Мәйіттерді өртеп жатқанын көріп тұрмын, тіпті көруге қорқамын. Бірақ, әрине ары қарай да өмір бар. Адамзат өзгеріп, бір-бірін сыйлау керек. Сосын маған қайта-қайта Балқаш қаласын көрсете береді. Балқаштың астында Меккеге жол бар. Судан да қорқамын. Су өте көп. 50 жылда әлемді топан су басуы мүмкін», — дейді Бақыт Жұматова.