Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Шымкентте оқушыларға зілзала кезіндегі қауіпсіздік ережелері үйретілді

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен №1 Talant мектебінде «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте оқушыларға зілзала кезіндегі қауіпсіздік ережелері үйретілді
Фото: aa.com.tr

Іс-шараның мақсаты – табиғи апат жағдайында дұрыс әрекет етуді үйрету және қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Шара барысында мектептің акт залында төтенше жағдайлар қызметінің және апаттар медицинасы орталығының мамандары келіп оқушыларға теориялық және практикалық білім берді. Мамандар жер сілкінісі кезінде алғашқы қадамдар мен әрекеттердің маңыздылығын айтты.

Сондай-ақ, мамандар қауіпсіздік дағдыларын көрсетіп, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін нақтылады.

Қатысушылар арнайы ұйымдастырылған эвакуация жаттығуларына қатысып, дабыл кезінде ғимараттан шығу тәсілдерін тәжірибе жүзінде үйренді.

Мектеп ұстаздары да бұл шараның жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Өткізілген бұл шара жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайларда адамдардың өмірін сақтауға бағытталған білім беру жұмыстарының маңыздылығын тағы бір дәлелдеді. 

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шараларды болашақта да тұрақты түрде өткізу жоспарын құрып отыр.