Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Феминистік шеруге қатысқан белсенді қоқан-лоққыға тап болған

"Меніңше, қоғамда резонанс болып, қызу пікірталас жүруі үшін жыл сайын осындай шеру өткізу керек. Сондықтан жыл сайын шеруге шығамын", - дейді ол.

Феминистік шеруге қатысқан белсенді қоқан-лоққыға тап болған
фото: opa.kz

8 наурызда Алматыдағы феминистік шеруге қатысқан Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсендісі Дархан Шәріп шарадан кейін әлеуметтік желіде өзіне қоқан-лоққы жасала бастағанын айтады, деп хабарлады paryz.kz, vlast.kz-ке сілтеме жасап.

"Біз марштан видео жарияладық, сол кезде біреу мені танып қалса керек. Постыма комментарий қалдырып, көршім екенін жазды. Содан кейін-ақ басталды. 15-тей адам маған жекеге шығып, мені тауып алып, өлтіретінін, ұрып-соғатынын айтты. Қазақ тілінде неше түрлі жаман сөздер айтып, ЛГБТ-ны балағаттады", - дейді белсенді.

Ол жазбалардың бәрін скриндеп алған. Полицияға шағымдануы мүмкін екенін айтса да, бұл әрекеттің заңмен реттелетініне күмәні бар. Қозғалыс өкілі "бұл реакцияның өзі елдегі әйел құқығының ахуалынан хабар береді" деп санайды екен.

"Бұл мұндай шерулердің қаншалықты қажет екенін дәлелдей түседі. Осы адамдардың реакциясына қарап-ақ елдегі әйел құқығы ахуалын аңғаруға болады. Меніңше, қоғамда резонанс болып, қызу пікірталас жүруі үшін жыл сайын осындай шеру өткізу керек. Сондықтан жыл сайын шеруге шығамын", - дейді ол.