Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Шымкенттік аспаздар Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды

Халықаралық гастрономиялық байқауда ұлттық тағамдарымыз жоғары баға алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкенттік аспаздар Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауға қатысып, ұлттық тамақтарымызды ұлықтап қайтты.

«Turkistan Chefs Hub» бірлестігінің аспаздары «Shymkent Tourism Bureau» туристік бюросының қолдауымен «Game of Food GastroAntalya 24» байқауына қатысып, 2 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Осылайша бірнеше елден жиналған талантты аспаздар арасынан шымкенттіктер топ жарды. Олар сайыста өздерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көтеріп, жеңімпаз атанды.

Бұл ауқымды гастрономиялық іс-шара жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік аспаздарды жинайды. Биылғы байқауға 46 санат бойынша 36 елден жүздеген аспаздар мен аспаз болғысы келетіндер қатысқан. Қатысушылар дәстүрлі тағамдарды заманауи әдістермен үйлестіріп, өз елдерінің гастрономиялық мәдениетін таныстыруға атсалысты. Ал солардың арасында Шымкенттің гастрономиялық әлеуетін 7 аспаз таныстырып, жетеуі де жүлдемен оралды.

Шымкенттік команда байқауда бірнеше санат бойынша жүлделі орындарға ие болды. Команданың негізгі мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары: ет асу, қазы-қарта, бауырсақ және түрлі еттен дайындалған тағамдар заманауи тәсілдермен ұсынылды. Нәтижесінде ұлттық тағамдар санатында ерекше көзге түсіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.