Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазығұрттық жігіт марқұм әкесінің зейнетақысын заңсыз алып келген

Ақпарат алысымен полицейлер күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, аудандық ПБ-не жеткізді...

Қазығұрттық жігіт марқұм әкесінің зейнетақысын заңсыз алып келген
фото: ашық дереккөз

Қазығұрт аудандық полиция басқармасына аудан прокуратурасынан құжаттар келіп түсті. Онда жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болған әкесіне мемлекет тарапынан төленетін зейнетақысын заңсыз алып келгені көрсетілген, деп хабарлады paryz.kz, Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2 жыл 3 ай бойы әкесінің зейнетақысын заңсыз алып, мемлекетке 1 миллион 200 мыңнан астам теңге шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеуге алынды.

Ақпарат алысымен полицейлер күдікті тұрғынның жеке басын анықтады. Оны тұрғылықты мекенжайынан ұстап, аудандық ПБ-не жеткізді.

Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Бүгінде тұрғын мемлекет тарапынан 2 жыл бұрын дүниеден өткен әкесінің атынан алып отырған ақшаны қайтарған.