Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкент: Емханадағы қызмет көрсету сапасы бақылауда

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков №6 емханаға арнайы барып, жұмыстар барысын бақылады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент: Емханадағы қызмет көрсету сапасы бақылауда
Фото: Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы

Басқарма басшысы емханадағы галлеряда болып, күндізгі стационар, гинекология және жалпы тәжірибелі дәрігерлер бөлімшелерін аралап, сапалы медициналық қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. 

Емхана негізгі екі корпустан тұрады. Науқастарға ыңғайлы болу үшін екі корпусының арасынан қосатын ерекше галлерея жасақталып,пайдалануға берілді. Корпустардың біріктірілуі медициналық жабдықтардың, зертханалық және диагностикалық орталықтардың жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ Н.Асылбеков емханадағы бейнебақылау жүйесімен танысып шықты. 

Жалпы мекемеде 150-ден аса камера орнатылған. Бұл емханаға шағымдарды болдырмау, сапалы медициналық көмек көрсету және пациент пен медицина қызметкерлері арасында сенімділікті нығайтады. Емханада 2023-2024 жылдарда біріңғай сенім орталықтарына түскен өтініштер мен арыз шағымдар. Нәтижесінде емханаға түскен арыз шағым өткен жылмен салыстырғанда 12 пайыз төмендегенін байқауға болады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков емханада атқарылып жатқан жұмыстар барысына оң бағасын беріп, профилактикалық жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды.