Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Ақтөбеде атасы мен әжесі немересімен көрісіп тұру үшін сотқа жүгінді

Ақтөбе қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты атасы мен әжесінің немересімен араласу тәртібін анықтау туралы азаматтық істі қарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ақтөбеде атасы мен әжесі немересімен көрісіп тұру үшін сотқа жүгінді
Фото: istockphoto.com

Іс материалдарына сәйкес, баланың ата-анасы 2020 жылы ажырасқаннан кейін ол анасымен бірге тұрып келеді. Атасы мен әжесі немересімен байланыс орнатпаған және материалдық көмек көрсетпеген, себебі келінімен ара қатынастары нашарлаған.

Дегенмен, қазіргі уақытта олар немересімен қарым-қатынас орнатуға және көмектесуге ниет білдірген. «Қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі бойынша баламен кездесу әр жексенбіде сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін анасының қатысуымен бейтарап аумақта ұйымдастырылуы тиіс деп көрсетілген.

Алайда талап қоюшылар бұл шешімге келіспей, жұмадан жексенбіге дейін анасының қатысуынсыз кездесу тәртібін бекітуді сұрады. Сот баланың мүддесін ескере отырып, тараптарды татуластыруға тырысты.

Нәтижесінде, атасы мен әжесі немерелерімен әр сенбі күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін бейтарап аумақта, анасының қатысуымен кездесу туралы келісімге келді.

Сонымен қатар олар бала кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 5 АЕК мөлшерінде алимент төлеу арқылы материалдық көмек көрсетуді мойындарына алды», - делінген хабарламада. Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.