Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Еліміздегі ең кедей облыс анықталды

Сайт мәліметіне сүйенсек, әл-ауқаттың нашарлығынан 2020 жылы өңірден 107,5 мың адам көшіп кеткен.

Еліміздегі ең кедей облыс анықталды
фото: Қазақпарат

Түркістан облысы Қазақстандағы ең кедей өңір болып тіркелді. Сарапшылар бұл өңір елдегі ең тығыз қоныстанған аймақ саналғанына қарамастан, оның әрбір 10-тұрғыны кедей, деп хабарлады paryz.kz, finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

"2020 жылдың төртінші тоқсанының соңында Түркістан облысында 2 миллионнан астам адам болды. Бұл - қазақстандықтардың жалпы санының 10,8 пайызы. Аймақ құнарлылығы жағынан да көш бастап тұр", - деп жазды finprom.kz сарапшылары.

2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім - 729,2 мың теңге. Бұл - елдің барлық аймағындағы ең төменгі көрсеткіш, орташа республикалық деңгейден 70,2 пайызға төмен.

"Түркістан облысында 229 мыңға жуық кедей адам бар" деп жазды сайт.

Түркістан облысында жұмыссыздық пен кедейлік жағдайының нашарлауына қарамастан, әкімдік халықты қолдауға аз көңіл бөлуде. Облысқа бөлінетін қомақты қаражат халықты қолдауға және оның кірісін арттыруға емес, қаланы көркейтуге жұмсалуда.

Сайт мәліметіне сүйенсек, әл-ауқаттың нашарлығынан 2020 жылы өңірден 107,5 мың адам көшіп кеткен.