Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақтөбе облысында бұрынғы имам әйелін дінмен қорқытып ұстаған (ВИДЕО)

Бұрынғы имам әйелін дінмен қорқытып, қысым көрсетіп отыр, деп хабарлайды Halyq Uni Instagram-дағы abdulla_kzkz парқшасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында бұрынғы имам әйелін дінмен қорқытып ұстаған (ВИДЕО)
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог әйеліне зорлық-зомбылық көрсетіп, туыстарымен араластырмай отырған көрінеді. 

Бұл туралы ақпаратты келіншектің сіңлісі таратқан. Оның айтуынша, жездесі әпкесіне бірыңғай жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, оны адам танымастай өзгертіп тастаған. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған келіншек ауырып қалған. 

Ал күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін жолымен емдемекші болып, жағдайын одан ары нашарлатқан. Сап-сау әпкемді жездем ұрып, жынды етіп қойды. Әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болатын. Тіпті, дінді жақсы ұстанады. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған. Туыстары бар чаттан шығарып жіберген. Әпкем еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды, - дейді сіңлісі.