Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Мамин әкімдерге азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуді ескертті

Сонымен қатар Асқар Мамин әкімдіктерге Тұрақтандыру қорларының қызметінде форвардты сатып алу схемасын қолдануды, "қайтарымды схемаға" қаражат бөлуді елеулі ұлғайтуды тапсырды.

Мамин әкімдерге азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеуді ескертті
фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне мүлдем жол берілмеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі кешенді жоспарды 2023 жылдың аяғына дейін қабылдауды қамтамасыз етсін. Әкімдіктермен бірлесіп, оффтейк келісімшарттар мен форвардты сатып алу аясында Азық-түлік корпорациясы азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуы мәселесін пысықтасын. Әкімдіктермен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсетсін. Оның ішінде субсидиялауды, өндірушілердің қарсы міндеттемелерін белгілеуді қарастыру қажет", - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Асқар Мамин әкімдіктерге Тұрақтандыру қорларының қызметінде форвардты сатып алу схемасын қолдануды, "қайтарымды схемаға" қаражат бөлуді елеулі ұлғайтуды тапсырды.

"Әкімдіктер импортқа тәуелді тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым түрде іске асыруы қажет. Өте қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын ұлғайтуды қамтамасыз ету керек. Әкімдер мен министрлерге ескертемін - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне мүлдем жол берілмеуі тиіс", - деді Премьер-министр.