Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«18 мың ғана төлеген»: Шәмші Қалдаяқовтың ұрпақтары композитордың әндерінен қанша қаламақы алып жүр

Мәжілісте креативті ұйымдастыруды дамытуға арналған заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын әзірлеп жатқан жұмыс тобының жетекшісі, депутат Нартай Сәрсенғалиев авторлық қоғамдардың жұмысын сынады.

«18 мың ғана төлеген»: Шәмші Қалдаяқовтың ұрпақтары композитордың әндерінен қанша қаламақы алып жүр
Фото: Kazinform

«Біз креаторларды тізімге қосып алғанымызға мәзбіз, бірақ олардың авторлық құқығын қорғауға келгенде ешкім бас ауыртқысы келмейді. Қашанғыдай әр креатор адвокат жалдап, басқаны жалдап, сан соғып, сабылып жүруге мәжбүр. Елімізде 15-16 авторлық қоғам бар. Олардың жұмысына қатысты да көптеген сын бар. Авторлық қоғамға адамның шығармасын қолданғаны үшін түсетін ақшаның 70 пайызын қоғам өзі алып қалады, 30 пайызын ғана авторға береді», - деді ол.

Нартай Сәрсенғалиев бірнеше жыл бұрын өзінің Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне қалай автор атанғанын еске алды. 

«2010 жылы біз «Алматы» телеарнасында журналистік зерттеу жүргізіп, бір авторлық қоғамнан 20 мың теңгеге Жұмекен Нәжімеденов пен Мұқағали Мақатаевтың бір-бір өлеңіне автор атанғанбыз. Ешкім тексеріп жатқан жоқ. Мұқағали мен Жұмекенді тексермегенде, басқаларды тексереді деу қате шығар. Ал Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындағаны үшін авторлық қоғам композитордың ұрпағына үш айда 18 мың теңге ғана төлеген. Жалпы бұл қазақта Шәмшінің әнісіз өткен кеш бар ма? Өкінішке қарай, біздегі авторлардың құқығы қорғалмайтынын осыдан-ақ көруге болады», - деді депутат.