Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Тоқаев еміме көп ақша берді»: Жүрсін Ерман қалай аман қалғанын айтты

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертке шалдыққанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмектескенін айтты, хабарлайды Paryz.kz.

«Тоқаев еміме көп ақша берді»: Жүрсін Ерман қалай аман қалғанын айтты
фото: видеодан скриншот

Оның айтуынша, Қазақстан президенті оған емделу үшін қомақты қаражат берген.Тоқаевтың жақсылығы туралы Жүрсін Ерман «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.

«Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керектігін айтты. «Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың» деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты. Швейцарияға бару оңай болған жоқ.

Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев барып емделіп кел деп, көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен біліп тұрмын, риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні аураханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді», - деді ақын.