Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Бір адамға 19 млн": депутат МСҚ басшыларының сыйақысына шүйлікті

"Егер Қордың барлық 850 қызметкерін бөлсек, олардың әрқайсысы айына 434 мың теңге алады. Бұл елдегі орташа жалақыдан екі есе көп..."

"Бір адамға 19 млн": депутат МСҚ басшыларының сыйақысына шүйлікті
фото: ашық дереккөз

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжан Жамалов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығыстары туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады paryz.kz, platon.asia сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта бюджеттен тыс қорлардың шығыстары Парламент пен Есеп комитетінің бақылауында емес. Мысалы, 2019 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары 5,8 млрд теңгеден асты. Жалақыға 4,4 млрд теңге жұмсалды.

Егер Қордың барлық 850 қызметкерін бөлсек, олардың әрқайсысы айына 434 мың теңге алады. Бұл - елдегі орташа жалақыдан екі есе көп. Ал МСҚ қаржылық есептілігін зерделейтін болсақ, онда қордың төрт басқарма мүшесіне шамамен 77 миллион теңге, яғни әрқайсысына 19 миллион теңгеден төленді", - деді ол.