Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Хасан Қасымбаевтың анасы шұғыл мәлімдеме жасап, көмек сұрады

Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Paryz.kz Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

Хасан Қасымбаевтың анасы шұғыл мәлімдеме жасап, көмек сұрады
Коллаж: dalanews

Гүлнар Нұракенова президенттен көмек сұрады.

"Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін", - дейді Қасымбаевтың анасы. 

Еске салайық, бүгін Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен "хуторлық" Хасан ұсталғаны белгілі болды. ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А.-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.