Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

«Сағатың қанша?»: танымал блогер өзіне орынсыз буллинг жасалып жатқанын айтып, жылап қалды

Блогер Сабина Мавлоева желіде өзіне қатысты тараған интимдік видеода өзі емес екенін, оған қатысты буллинг басталғанын айтып, жылап қалды. Қазір видеодағы адам өзі емес екенін дәлелдеуге әрекет жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

«Сағатың қанша?»: танымал блогер өзіне орынсыз буллинг жасалып жатқанын айтып, жылап қалды
фото: видеодан скриншот

«Тоқтатыңыздаршы, өтінемін. Барлығын осы аптада дәлелдеймін. Қалай көздеріңіз көрмейді, ұқсамайды ғой. Далада ер-азаматтар «сағатың қанша?» деп сұрайтын болды. Әлеуметтік желіге кіре алмай қалдым. Сол видеоны жібере береді. Қанша айтуға болады, видеодағы адам мен емеспін. ҰҚК, адвокаттар мен полиция атсалысып жатыр. Барлығына мен емес екенімді дәлелдеп беремін. Полиция «күт» дейді, шаршадым. Достарымның ішінен «ол Сабина емес қой» деп айтып, ешкім қолдап та жатқан жоқ. Сараптама барлығын жасадық, видеодағы мен емес», - деді Сабина Мавлоева.

Танымал заңгер Айгүл Орынбек блогерді қолдап жазба жариялады.

«Оңбаған, надан қатыгез қоғам. Қыздарыңды жылатып оңбайсыңдар, ертең өзіне қол жұмсаса, не істейсіңдер?! Өсек пен төсектен аса алмайтын, сорлы надандар. Тоқтасаңдаршы, болды ғой, пікір жазып отырғандардың бәрі еркек. Еркек деген аттан садаға кеткірлер. Сабина бір аптадан бері ақталып , ол видеода өзі емес екенін айтып жылап отыр. Адамның өзіне сенбейтін қандай қоғам болып бара жатырмыз?! Қайда біздің буллингпен күрескіш пагондағылар? Бізде мына заңсыздықтарға нүкте қоятын біреу бар ма? Сабина көтер басты, ел алдында жүрген соң аяқтан шалу болады. Сені қорлаған скриншоттарды жібер, біртіндеп тұрып арыз жазып, жазасын береміз. Бұл қоғамда санасы төмен, ұятсыз надандар көп, өкінішке қарай. Өз қыздарын бағаламайтын, қыздардың жарқырап жүргенін көре алмайтын шіріген сорлылар», - деп жазды танымал заңгер. 

Еске салсақ, осыған дейін осы блогерге ұқсас қыздың қатысуымен интимдік видеоны аноним Telegram арналар таратқан болатын.