Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Көлік пен екі бөлмелі пәтер сыйлады»: блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті

Қазақстандық танымал блогер некесіз туған қызымен кездесті. Бұл туралы оның Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Көлік пен екі бөлмелі пәтер сыйлады»: блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесті
фото: видеодан скриншот

Бұған дейін танымал блогер Дархан Жолшыбековтің бұрынғы сүйіктісі некесіз туған қызына алимент өндіру мақсатында Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінген болатын.

Бұл оқиға тіпті отандық телеарналардың біріндегі бағдарламада талқыланып, қоғам арасында қызу талқыға түскен болатын.

Блогер бүгін бүгін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына қызымен кездескен видеосын жүктеді.

Сондай-ақ ол қызына өзінің тегін бергенін жариялады. Бұдан бөлек Дархан некеден тыс туған қызының анасына көлік пмен Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлады.