Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жамбылда әкесінің інілері зорлаған 12 жастағы қыздың ісіне қатысты тың дерек шықты

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданына қарасты ауылдардың бірінде 12 жастағы қызды алты жыл бойы әкесінің екі інісі зорлап келген. Оқушы қыз қазір жүктіліктің жетінші айында, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбылда әкесінің інілері зорлаған 12 жастағы қыздың ісіне қатысты тың дерек шықты
Фото: istockphoto.com

«Мойынқұм ауданының аумағында «Жас баланы зорлады» деп айыпталған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығында ұсталды», - деді полиция. 35 және 37 жастағы күдіктілер жәбірленуші қыздың әкесінің туған інілері. Енді олар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Зорлық көрген қыз Әлеуметтік көмек орталығына орналастырылған. Оқуын онлайн формаға ауыстырған.

«Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жұмыс тобы құрылды. Жасөспірім тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әлеуметтік көмек орталығына орналастырылды. Оқушы қыз медициналық – әлеуметтік есепке алынды. Облыстық психологиялық орталық мамандары жәбір көрген қызға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр», - деді өкілетті орган.