Динара Сәтжан өзінің YouTube каналындағы «DS`Show» бағдарламасына 2024 жылғы Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек пен 2023 жылғы Азия Чемпионатында парадзюдодан чемпионы Альфия Тілекқабылдыны қонақ ретінде шақырды, — деп жазады Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.
Бағдарлама барысында тележүргізуші Ақмарал Науатбекке: Сен Паралимпиаданың алтынын алғың келді ме, әлде Олимпиаданың алтынын алғың келді ме, деген сұрақ қояды.
«Әрине Олимпиада алтынын алғым келді. Өйтекені мен кәдімгі дзюдодан бастадым. Бірақ үш жыл бұрынғы жарақатыма байланысты парадзюдоға ауысуға тура келді. Соңына дейін қарсы болдым. Олимпиада чемпионы атанғым келді. Себебі жақсы нәтижелер болды. Алайда тағдырдың жазғаны осы болды», — деп жауап берді Ақмарал Науатбек.
Осы тұста желі қолданушылары Динара Сәтжанның бұл сұрағын сынап тастады.
«Осындай да сұрақ бола ма?», «Саудың тамағын ішіп, аурудың сұрағын қойып отыр», «Динара, сіз қандай сұрақ қойғаныңызы өзіңіз түсінбейтін сияқтысыз. Сау адам Паралимпиаданың алтынын армандамайды ғой», «Мына тележүргізуші қуады екен», — деп жазды олар.