Белгілі ақын, асаба, Мәдениет саласының үздігі, көркем сөз оқу шебері Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ақын 1 жыл бұрын ауыр халде жатқаны туралы ақпарат таралған еді. Оған күрделі операция жасалған. «Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп, жақсы өткен. Асқазанның ауырып жүргеніне екі жыл болды.
Барлық анализдерім жақсы шығып, отадан соң тұрып, үйге қайтқанмын. «Ішек «спайка» болған, тілу керек, әйтпесе болмайды» деді. Ары қарайғысын білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен «мировой» концертте жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достарым бәріне дайын тұрды.
Алланың қалауы ғой, «100 пайыздан пайыздан бір-ақ пайыз үміт бар, бәріне дайын болыңыздар» деген екен... Бұл тақырыпты осымен жабамын. Жаман күндер артта қалды. Бір дертке шипа іздегенімде Алла ауыр, көтере алатын сынақ беріп, он дертімнен айықтырды. Ішекті жуғызды, асқазанның жарасын да, артығын да кесті. Қан да тазарды. Ұйқы бездер орнына келді. Қан қысымы мүлдем жоғалды. Әр қиындықтың артында қайырлы үлкен жеңілдігі мен қуанышы бар деп тегін айтпаған екен. Өзіме емес, көзіме, құнды сөзіме мән бер, халқым! Мен сіздермен сондай бақыттымын», - деп жазды Құрманай Бақтиярқызы.