Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды. Бұл туралы қалалық Полиция басқармасы мәлімдеді.
16 қазаннан бері іздестіріліп жатқан жасөспірім Жаңаөзен қаласынан табылды.
«Ақтау қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазан күні Жаңаөзен қаласынан табылды, – делінген полиция хабарламасында.
15 жастағы жасөспірім таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарланған болатын.