Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қасым Аманжол Қазақстанда феминистік шерудің өтіп тұруына қарсы емес

"Қоғамымызда әйелді қорлайтын соңғы еркек бар кезде феминистік шеруді жалпы айыптап, "ұлттық дәстүрдің" артына тығылып, көлгірсу орынсыз", - дейді ол.

Қасым Аманжол Қазақстанда феминистік шерудің өтіп тұруына қарсы емес
фото: vlast.kz

Белгілі журналист Қасым Аманжол жұртты феминистік шеруге түсіністікпен қарауға шақырды, деп жазды paryz.kz.

"Жүсіпбек "Ақбілекті" жазды, Әуезов "Қорғансыздың күнін" жазды, Мағжан "Шолпанның күнәсін" жазды. Абай да, Шәкәрім де өз теңіне қосылғысы келген қарындастың жағында болды. Қорланған, зорланған, ар-намысы аяққа тапталған, өлтірілген қыздың тағдыры 100 жыл бұрынғы ойшылдардың жүрегін ауыртты, араша түсірді. Бұлар советтің айдауымен ғана осыған барды деп айта алмассыз..." - дейді әріптесіміз.

Оның айтуынша, қазір отбасылық зорлық-зомбылық салдарынан жүздеген әйел құрбан болса, тіпті бір қарындас жапа шексе, оған заманды кінәлай салуға болайды.

"Кешегі шеру - сол, түрлі теңсіздік пен қорлықтан соң, үйінде шешесін әкесі шаштан сүйреп сабағанын көргеннен соң, тіпті таксист ағайдың қаршадай қызға қылмыңдаған, жан жаралаған дөрекілігінен соң лықсып туған қарсылық рефлексі. Рас, нешетүрлі қайшылықтары мен сіз қабылдауға ауыр қисындары да кездесуі мүмкін. Алайда, қоғамымызда әйелді қорлайтын соңғы еркек бар кезде феминистік шеруді жалпы айыптап, "ұлттық дәстүрдің" артына тығылып, көлгірсу орынсыз", - дейді Қасым Аманжол.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда ерлермен теңдікті көздеген әйелдер шеруге шықпақ

Феминистки в Алматы: "Женский активизм – это борьба за нашу жизнь"

Осы орайда, ол жігіттерді Аймауытов бола алмаса да, азамат болып қалуға шақырды.