Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Биыл елімізде 2 407 этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды

Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралған...

Биыл елімізде 2 407 этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алды
фото: sputniknews.kz

2021 жылдың басынан бері 2 407 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлады paryz.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жалпы, 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралған. Ал биылғы жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15%-ы – ҚХР-дан, 4,6%-ы – Түрікменстаннан, 3,5%-ы – Моңғолиядан және 4%-ы басқа елдерден қоныс аударған.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылардың үлесі – 58,4%, еңбекке қабілетті жастан кіші – 24,3% және зейнеткерлер -17,3%.