Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қызылордалық оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы істі тергеу қалай жүріп жатқанын айтты. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім
Фото: Pixabay

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті деп танылған 11 адамның бесеуі кәмелет жасына толмаған. Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Бұған қосымша кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту;

жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық;

бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау;

кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша қосымша істер қаралуда.

«Қылмыстық істердің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне „үйқамаққа алу“ бұлтартпау шарасы таңдалды, оның ішінде кәмелетке толмағандар саны — 5. Сонымен қатар, істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы және ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде», — деп жазылған министрлік жауабында.