Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Елімізде пәтер бағасы қымбаттады

Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің орташа есеппен бір шаршы метрі 252 358 теңгені құрайды. Бағаның өсімі - 19,1%.

Елімізде пәтер бағасы қымбаттады
фото: ашық дереккөз

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен Ұлттық статистика бюросы биыл ақпан айында тұрғын үй нарығындағы бағалар қалай өзгергенін айтты, деп хабарлады zakon.kz.

"Бір айда (2021 жылдың қаңтар-ақпан айлары) көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерді қайта сату бағасы 3,1%, жаңа баспана құны 1,2% өсті. Пәтерді жалға алу ақысы 1,6% қымбаттады", - делінген хабарламада.

Орта есеппен республикамызда бір шаршы метрдің бағасы 322 968 теңгені құрады. Ақпан айымен салыстырғанда өсім 7,7%-ды құрады.

Көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің орташа есеппен бір шаршы метрі 252 358 теңгені құрайды. Бағаның өсімі - 19,1%.

Ал пәтерді жалға алудағы бір шаршы метр орташа есеппен 1 714 теңгені құрайды, яғни 10,7% өсім байқалады.