Батыс Қазақстан облысында қызғаныштан күйеуінің фотосуреттерін таратқан әйел бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Соңғы жылдары жеке өмірге қатысты материалдарды, фотосуреттер мен бейнелерді иелерінің келісімінсіз тарату мәселесі жеке ақпарат пен адам құқықтарын қорғау саласындағы ең өзекті мәселелердің біріне айналды.
Әрбір тұрғын жолдасына немесе таныстарына жеке өміріне қатысты фотосуреттерді жібергені үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатын жағдайға тап болуы мүмкін. «Секстинг» (жыныстық сипатта хат алмасу) — қазіргі әлемде өте кең таралған құбылыс.
Бірақ зиянсыз жеке хат алмасу арқылы да қылмыстық іс бойынша айыпталушы болып қалу қауіпі бар.