Алматы облысының прокуроры Берік Адамов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша тағы үш күдікті ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Paryz.kz.
Бұған дейін аталған қылмыстық іс бойынша жеті адам ұсталған болатын. Осылайша, ұсталғандар саны 10-ға жеткені белгілі болды.
– Бұл іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Тағы екеуі қылмыстық қудалау орбитасында, бірақ олар – қорғану құқығы бар куәгерлер, – деп нақтылады Берік Адамов брифингте.
Қазір кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.