Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«Кезінде «Дикий» Арманның жанынан шықпап еді»: Хасанмен бірге көзге түскен өнер жұлдыздары сынға қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде бір топ өнер өкілдерінің Талғардағы оқиға қатысы бар деген күдікті Хасанмен бірге түскен суреттері тарады, деп хабарлайды Paryz.kz ozgeris.info-ға сілтеме жасап.

«Кезінде «Дикий» Арманның жанынан шықпап еді»: Хасанмен бірге көзге түскен өнер жұлдыздары сынға қалды (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Отырыста түсірілген суреттен Жанар Айжанова мен Шаһизаданы байқауға болады.

Сондай-ақ палуан Бейбіт Ыстыбаев та бар. Желі қолданушылары болса, әншілерден әбден көңілі қалғанын жарыса жазды.

 «Талғардағы мафияның басшысы болып жүрген Хасанның жанында біздің өнер жұлдыздары да жүрген екен. Оған дәлел осы суреттер. «Дикий» Арманның да жанына барлығы барып, соған арнау арнап, әнін айтып еді. Бірақ сот кезінде бірде-біреун таппады. Журналситер барып сұрағанда танымаймын деді. Бірақ солар арқылы шаруаларын шешті. Өнер жұлдыздарын шегіртке деген еді. Сол рас сияқты. Тұрақсыз, сөздеріне жауап бере алмайды. Таныс өнер адамдарының бәрінен бас тарта беру керек сияқты», — деді желі қолданушысы.

 Естеріңізге сала кетейік, Время басылымы Шерзаттың өліміне басты күдікті деп танылған топты үш ағайынды жігіт басқаратынын жазған болатын. Қазстрой ауылынан шыққан бұл ұйымдасқан қылмыстық топты талғарлықтардың өздері де жақсы біледі.

“Бұл топты Хасан, Аслан, Ержан деген үш ағайынды басқарады. Фамилиясын нақты білмеймін, бірақ бәрі біледі. Бұл жігіттердің құрбаны болғандар көп. Олардың пышақпен ұратын әдеті бар. Тіпті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілін де пышақтап кетті. Содан кеден қызметкерінің басынан түтікпен (трубо) ұрған. Бұл атышулы іс», – деді атын атамауды өтінген Талғар қаласының тұрғыны.